Ресейде құстарды заңсыз сатпақ болған төрт отандасымыз сотталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде құстарды заңсыз сатпақ болған төрт отандасымыз сотталады

Ресейде құстарды заңсыз сатпақ болған төрт отандасымыз сотталады

Бес адамнан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ Ресейден сирек кездесетін аңшы құстарды алып шығып, Таяу Шығыста сатуды көздеген. Олардың төртеуі - Қазақстан азаматтары. 

Бұлар енді осы құстар контрабандасы үшін Омбы қаласында сотталады, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан РФ Батыс Сібір көлік прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

  • 26 Маусым 2017
  • 290
Фото - Caravan.kz


Прокуратура төрт қазақстандық пен бір Ресей азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша айыптау қорытындыларын растады.  Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері "Аса бағалы құстар контрабандасы" бабы бойынша айыпталып отыр. 

Тергеу деректеріне сүйенсек, олар Ресейдің Омбы облысынан Қазақстанға ақсұңқарлар мен ителгілерді алып өтпек болған. Бұл құс түрлері аса бағалы болып саналады және Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар