Жарияланды: 20

Ресейде ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Ресейде ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Ресейдің Рязань облысында Ил-76 көлік ұшағы құлады, бортта тоғыз адам болған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Mash телеграм каналының хабарлауынша, апаттан екі адам қаза тапқан.

Қалған жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Борт Орынбордан Белгородқа ұшып шығып, Рязаньға жанармай құю үшін қонған. Апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін