Ресейдегі әскери бүлік: Шойгу туралы алғаш рет ақпарат жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдегі әскери бүлік: Шойгу туралы алғаш рет ақпарат жарияланды

Ресейдегі әскери бүлік: Шойгу туралы алғаш рет ақпарат жарияланды

Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскери тәртіпсіздік басталғаннан бері алғаш рет халық алдына шықты.

  • 26 Маусым 2023
  • 62
Фото - Caravan.kz

Ресейлік БАҚ Шойгудың "Батыс" әскерлер тобының алға қарай басқару пунктін тексергені туралы ақпаратты жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Кейбір Telegram-арналар мәліметінше, бұл "Вагнер" ЖӘК әскери көтерілісінен кейін отставкаға кетуі мүмкін деген қауесеттен кейінгі қорғаныс министрі туралы алғашқы жаңалық.

Ресейлік журналистер елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, Сергей Шойгу түсірілген кадрларды жариялады.

Айта кетейік, әскери көтерілісті ұйымдастырушы Евгений Пригожин Сергей Шойгуды бірнеше рет айыптап, көпшілік алдында қорлаған еді. 24 маусымда таңертең Ростов-на-Дону қаласындағы ғимараттарды басып алған "Вагнер" басшысы оның жауынгерлері "Бас штаб бастығы мен Шойгуды алғысы келетінін" айтқан еді.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының қорғаныс министрі әскери көтеріліс туралы көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.

24 маусымға қараған түні "Вагнер" басшысы Евгений Пригожин "әділет шеруін" бастап, әскери колоннаны Мәскеуге жіберді. Владимир Путин жалдамалылардың әрекеттерін "арттан жасалған соқққы" деп атады, сонымен қатар, қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


24 маусымда түн ортасына қарай Пригожин "Вагнер" жауынгерлері Мәскеуге жетуіне 200 шақырым қалғанын және "қан төгілуі мүмкін сәт келгенін" хабарлады. Бұдан бірнеше минут бұрын Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко "Вагнер" басшысымен "күні бойы жалғасқан" сәтті келіссөз жүргізгені туралы мәлімдеді.

Кейінірек Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын, ол Беларуське кететінін мәлімдеді. Ал билік көтеріліске қатысқан "Вагнер" құрамындағыларды қудаламайтыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар