Ресейдегі бес мыңға жуық қазақстандық сайлауға белсене қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдегі бес мыңға жуық қазақстандық сайлауға белсене қатысты

Ресейдегі бес мыңға жуық қазақстандық сайлауға белсене қатысты

Ресейде тұратын бес мыңға жуық қазақстандық сайлаушы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына белсене қатысты. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 1488
Фото - Caravan.kz

РФ-дағы ҚР Елшілігі мен консулдық мекемелері жанынан ашылған сайлау учаскелеріне сайлаушылардың келу көрсеткіші 95,98% құрады.

Мәскеудегі РФ-дағы Қазақстан Елшілігі Резиденциясында орналасқан №215 сайлау учаскесінде 1535 адам дауыс берді, бұл сайлаушылардың 95,99%. 99,73% сайлаушы дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Санкт-Петерборда 988 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 95% құрады. 99,07% сайлаушы дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Астраханьда 256 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 97,56% құрады, сайлаушылардың 100% дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.


Қазан қаласында 997 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 96,33% құрады, сайлаушылардың 100% дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Омбы қаласында 989 адам дауыс берді, сайлаушылардың келу үлесі 95% құрады, сайлаушылардың 99,59% дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.

Мәскеудегі дауыс беру деңгейі халықаралық байқаушылар тарапынан жоғары бағаланды.