"Ресейден қолдау көп болды, оны жасырмаймын": "Үкілі бала" қазір немен айналысып жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ресейден қолдау көп болды, оны жасырмаймын": "Үкілі бала" қазір немен айналысып жүргенін айтты

"Ресейден қолдау көп болды, оны жасырмаймын": "Үкілі бала" қазір немен айналысып жүргенін айтты

Ел арасында "Үкілі бала" деп танылған қызылордалық емші Ерболсын Серікбаев Ресейге көшіп кеткенін мәлімдеді. 

  • 10 Қазан 2023
  • 151
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм ауылында туып-өскен жас емші туған елінен емес, көрші Ресейден қолдауды көп көргенін айтады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Дәл қазір Мәскеу қаласында тұрып жатырмын. 3 ай болды көшіп барғаныма. Сол жақта жұмысым, күнделікті өміріміз жалғасын тауып жатыр. Мүмкін қалармын, мүмкін қайтармын. Бірақ ол жақта өз ортамды тапқандай тұрып жатырмын. Маған ұнап жатыр. Мәскеуге барғанда Ванга туралы,  Кашпировский туралы өте көп ақпараттар оқыдым. Сол кезде Орта Азияда қазақ фамилиясымен танымал болған емшілердің қатырына қосылатындай Алла абырой берсін деп тіледім. Алла берген абыройды адам алмас, не болса да көрейін деп  бастадым. Ол жақта халықтың махаббаты тез ашылып кетті. Бір жылдың ішінде барлығы орнына түсіп, бүкіл Ресей танып, үйімді де тегін беріп, машинамды да беріп, бүкіл командама, жұмысыма, оқуыма жағдай жасап, керемет қолдау көрсетті. Сол себепті біздің жұмысымыз, миссиямыз Ресей, Румыния, Молдова мемлекеттерінде жалғасын табуда. Ресейден қолдау көп болды. Оны жасырмаймын, Алладан жасырмағанды адамнан жасырып керегі жоқ. Қолдау көп болды, хейт болмады. Тіпті ауырмайтын адамдар, "сіздің көмегіңіз болып жатыр екен, сіз туралы Андрей Малахов көрсетіп жатыр екен",  деп қолдау көрсетті. Бұл жақта ұйымдастырушылық қабілеті жоғары әрі уақытылы емін алатын адамдар тұрады", — дейді емші. 

 

Соңғы жаңалықтар