Ресейден тауық етін тасуға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейден тауық етін тасуға тыйым салынды

Ресейден тауық етін тасуға тыйым салынды

Ресейдің құсынан қауіп төніп тұр. Атыраумен шектесетін Астрахань облысында құс тұмауы анықталып, вирус күн санап өршіп барады. Сондықтан бұл жақтан елімізге тауық еті мен жұмыртқа, оның жүні, тіпті жемнің де тасымалдауға қатаң тыйым салынды.

  • 1 Мамыр 2015
  • 401
Фото - Caravan.kz

Тасқын Қызайбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Биологиялық қауіпсіздік басқармасының басшысы:

-Астрахань облысында жоғары потогенді құс тұмауы анықталып отыр. Жабайы бірқазаннан анықталған. Сол себепті Астрахаьн облысындағы барлық құс өнімдеріне шектеу қойылып отыр.Шектеу 21 күн деп есептейміз.

Қазір Қазақстан мен Ресей шекарасында санитар дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Мамандар тонналап  құс етін тиеген көліктерді тоқтатып, шетелдік өнімді жіті тексеруде. Әзірге ауру анықталған жоқ. Егер вирус табылған жағдайда  көршілеріміздің тауық еті мен жұмыртқалары дүкендерге жетпейді, түгел отқа жағылмақ. Ал, еліміздің Астраханға жақын ораналасқан аймақтарында, яғни Атырау, Батыс Қазақстан облыстары да мамандардың бақылауында. Жергілікті тұрғындар болса, барлық үй құстарын қорғаға қамап ұстап отыр. Құс фабрикаларына да ескерту жасалып, қауіпсіздік шаралары қолға алынған. Өйткені, Атырауда облысындағы бірқазандар да осы індеттен қырылды деген болжам бар. Қызыл кітапқа енген 70 құстың өлексесі Астраханьмен шектес Құрманғазы ауданынан табылған болатын.