Жарияланды: 290

Ресейдің кезекті ұшағы апатқа ұшырап 40 жолаушы қаза тапты

Ресейдің тағы бір ұшағы Африкада апатқа ұшырады. Оңтүстік Суданда болған оқыс оқиғадан 40-тан астам адам қаза тапты.

Ел астанасы – Джубадағы әуежайдан көкке көтерілген Ан-12 жүк тасымалдаушы ұшағы көп ұзамай балықшылар ауылына құлаған. Соңғы мәлімет бойынша, әуе кемесінің бортында 17 адам болыпты. Бесеуі Ресей экипажының мүшелері. Ұшақта болған 2 адам аман қалған. Олардың біреуі кішкентай бала екен. Ал қаза тапқандардың көбі әуе кемесі құлаған жердің тұрғындары. Қазір апаттың себеп-салдары анықталып жатыр. Естеріңізге салсақ, 5 күн бұрын ғана Мысырдың Синай түбегінде де Ресейге тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған еді. Ол кезде әуе кемесінде болған 224 адам түгел көз жұмды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін