Ресейдің халық әртісі Лев Лещенконың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің халық әртісі Лев Лещенконың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Ресейдің халық әртісі Лев Лещенконың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Тексеруден соң Лев Лещенконың ағзасында COVID-19 бар екені расталды. Әншінің денсаулығы туралы дәрігері айтып берді.

  • 27 Наурыз 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші емделіп жатқан жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Денис Проценко Facebook-тегі аккаунтында науқастың денсаулығы туралы айтты.

Онда дәрігер әншінің пневмония диагнозымен ауруханаға түскенін айтты. Екінші тексерістен кейін оның бойында коронавирус бар екендігі анықталды. Сынамалар Лещенконың COVID-19-мен ауыратынын растады.

Бірінші күні әншінің жағдайы нашарлай бастады: тынысы атарылып, қаны оттегімен аз қаныққан еді. Науқасты жансақтау бөліміне ауыстыруға тура келді, ол жерде емі жалғастырылды.

Дәрігер атап өткендей, қазір науқастың жағдайы тұрақты, оған қосымша оттегі қажет емес. Проценконың айтуынша, әрі қарай Лев Лещенко ауруханада емделеді.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ эстрада әншісінің коронавирусқа күдікпен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған болатын. Әншінің қасында әйелі болды. Кейін әншінің жансақтау бөліміне жатқызды деген ақпарат хабарланды

Соңғы жаңалықтар