Жарияланды: 1200

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа шабуыл жасалды

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа шабуыл жасалды

Түркия астанасы - Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловка қарулы шабуыл жасалып, «Гювен» ауруханасына жедел жеткізілгенімен жанын сақтап қалу мүмкін болмады.

Бұл туралы Түркияның Эн-Ти-Ви арнасына сілтеме жасап РИА-Новости хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда оқиға Анкара қаласындағы «Ресей - Түріктер көзімен» атты фотокөрменің ашылу салтанатында болған. Тағы үш адам жарақат алды деген дерек бар. Алайда кімнің не мақсатпен оқ атқаны әзірге белгісіз. Ресейдің Анкарадағы елшілігі осы оқиғаға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Оқиға орнына Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу келіп жетті. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, қылмыскердің көзі жойылған. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін