Ресейге бейбіт сириялықтардың өліміне кінәлі деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейге бейбіт сириялықтардың өліміне кінәлі деген айып тағылды

Ресейге бейбіт сириялықтардың өліміне кінәлі деген айып тағылды

Лондонда орналасқан Сириялық адам құқықтары жөніндегі обсерватория (Syrian Observatory for Human Rights) басшысы Рами Абдель Рахманның а

  • 27 Қараша 2017
  • 193
Фото - Caravan.kz

Лондонда орналасқан Сириялық адам құқықтары жөніндегі обсерватория (Syrian Observatory for Human Rights) басшысы Рами Абдель Рахманның айтуынша, Аль-Шафах қаласында кем дегенде 53 бейбіт тұрғын ресейлік әуе бомбаларының кесірінен қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC News-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғаушының мәлімдеуінше, олардың ішінде 21 бала бар.

SOHR-дың ресми сайтында 34 рет болған жарылыс құрбаны туралы айтылады. Рахман қайтыс болғандардың саны өскенін де мәлімдеді.

Ресейдің СІМ бұған дейін ресейлік әуе-ғарыштық күштерінің алты бомбалаушысы Сирияның солтүстік-шығысында соққы жасағанын хабарлады. Шабуылдың мақсаты «Ислам мемлекеті» террорлық тобының нысандары болатын.


Аль-Шафак қаласы Дейр-эз-Зор провинциясында орналасқан. Ол — ИМ экстремистерінің бақылауындағы аймақтардың бірі.

Соңғы жаңалықтар