Ресейге футбол көруге келген нигериялық әйел босанып, ұлының есімін Иван деп қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейге футбол көруге келген нигериялық әйел босанып, ұлының есімін Иван деп қойды

Ресейге футбол көруге келген нигериялық әйел босанып, ұлының есімін Иван деп қойды

Жүкті келіншек сүйікті командасы жеңіліп қалғанына уайымдағандықтан уақытынан ерте босанып қалған.

  • 4 Шiлде 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Нигериялық әйел ұлына Иван деген есім берді. Сәбидің денсаулығы жақсы. Жүкті әйел Нигерия-Аргентина ойынан соң өз командасы жеңіліп қалғандықтан өзін нашар сезіне бастаған. Сол сәтте толғағы басталған.

«Бастапқыда әлі уақыты жетпегендіктен қатты қорықтым. Кейіннен баламды қолыма алған соң бақытты күй кештім. Ресейлік дәрігерлерге ризамын. Баламның денсаулығы жақсы болғанымен, әлі де қорқыныштан арыла алмай тұрмын», – дейді Олабимтан Абиодун Олувасейи есімді келіншек.

«Ұлыма Иван деген ат қойдым. Ол «құдайдың бергені» деген мағына білдіреді екен», – дейді ол.


Бұл оның үшінші баласы. Нигериялық келіншек билетін 15 шілдеге ауыстырды. Чепионатты соңына дейін көрем деп шешкен. Оның жаңа туған ұлы Иван ресми түрде Ресей Федерациясының азаматы болды.

Соңғы жаңалықтар