Жарияланды: 260

Ресейге өтіп кетпек болған қырғыз азаматының көлігінен тағы да есірткі тапты

Қазақстандық шекарашылар Жамбыл облысында қолға түскен Қырғызстан азаматының көлігінен тағы да 8 пакет героин тапты. ҰҚК Шекара қызметінің сейсенбі күнгі ақпарына сүйенсек, жасырын қалтадан 7,3 келі героин салынған тағы 8 пакет табылыпты. Бұған дейін «Сыпатай батыр» бекетінде Ресейге кетіп барка жатқан Қырғызстан азаматы қолға түскенін хабарлаған болатынбыз. Көліктің жанармай багынан 18 келі героин тәркіленген-ді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін