Ресейлік басылым «Панфилов дивизиясының ерлігі - көзбояушылық» деп жазған! - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік  басылым «Панфилов дивизиясының ерлігі - көзбояушылық» деп жазған!

Ресейлік басылым «Панфилов дивизиясының ерлігі - көзбояушылық» деп жазған!

Қазақ атырабында құрылған даңқты 316-шы атқыштар дивизиясына 70 жыл толды. Сұрапыл соғыс жылдары ерен ерлік көрсеткен әскери құрамада 36 ұлттың өкілі болған. Қиян-кескі ұрыстарға қатысқан дивизияның ерліктерін бірнеше ұрпақ үлгі етті. Бүгін осы мерекені атап өтуге келген батырлардың үрім-бұтақтарын бір жайт қамықтырды. Таяуда Ресей газеттерінің бірінде Панфилов дивизиясының ерлігін жоққа шығаратын даулы мақала басылған.

  • 13 Шiлде 2011
  • 809
Фото - Caravan.kz

316-шы атқыштар дивизиясы қазақтың атырабында құрылып, сұрапыл соғысты қақ жара кіргенде, елеген, ескерген кем еді. Бірақ, өңкей қыраннан құралған дивизия немістердің ең қатты қорқатын құрамасына айналды. Тұңғыш командирі — Иван Васильевич Панфилов.

1941 жылы Мәскеу облысының Волоколамск қаласының түбінде  төрт айда Отанның жүрегін жұлып алмаққа таяған шабуылды тойтарғанда, дивизия командирі қыршын кетті. Бәрі де ұмыт емес, бірақ, бүгін 70 жылдықты атап өткелі келген кілең батырдың үрім-бұтағы ашулы. Ресей баспасөзінің білдей бірі Панфилов дивизиясының ерлігін жоққа шығарып,  күмән келтірген.

Айгүл Байқадамова, И.В. Панфиловтың немересі:

— Бұл — батырлар аруағын қорлау. Мақала авторлары біздің аталарымыздың дүниеде жоқтығын пайдалынып, жеңіл атаққа қол жеткізгісі келді. Азаматын жоғалтқан отбасылардың намысын аяқ асты етеді, бұл мақала!

Мақалада Ресей мемлекеттік мұрағатының директоры Мироненко мырзаның сөзі келтірілген. Және «Шегінетін жер жоқ, артымызда — Мәскеу» деген сөздің өзін «жазушы ойлап тапқан» делінген.

Ким Серікбаев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— 48-ші жылы бір полк командирі: «Панфиловшылар болған жоқ, ондай ерлік болған жоқ» деп айтыпты. Сергей Мироненко Отан соғысына қатысқан мемлекеттердің саясатына қарсы пікір білдіріп отыр. Бұл дұрыс емес, бұл — қателік.

Бабасының тарихқа хатталған ерлігін еншілегісі келген кім бар? Қазақ жерінде құрылған дивизияның өзін-өзі өшпес даңққа бөлегені бір бөлек, талай ұрпақ пір тұтты. Ресей елшісі де естен танды, мұны  естіп.


Виктор Завьялов, РФ Алматыдағы бас консулы:

Тарихты қайта жазу мүмкін емес. Панфилов дивизиясының ерлігі ерен. Қалай мадақтаса да жарасады. Бұл басылыммен мүлдем келіспеймін.

Бұл жарты әлемге мәшһүр болған панфиловшылар дивизиясының ең бірінші штабы. Қазір мұражайға айналған ғимарат Гитлер әскерінің тізесін дірілдетіп, ұйқысын қашырған даңқты дивизияның көзін көрген. Дәлелді үнпараққа қанша басса да, тарих мақтауға мұқтаж емес, бірақ даттауды да қажет етпейді. Қанмен жазылған жылдардың өткенін бүркемелеуге де құқымыз жоқ. Батырларды ұмытпай,тәу ету – парызымыз.  

Тарихты даттау бар,ақтау бар. Төренің тағына таласқанды қойып,батырдың бағына барымта жасағаны  — бассыздық болар. 

Соңғы жаңалықтар