Ресейлік екі азамат қара металл партиясын заңсыз әкетпек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік екі азамат қара металл партиясын заңсыз әкетпек болған

Ресейлік екі азамат қара металл партиясын заңсыз әкетпек болған

Ақтөбе облысында контрабандалық жолмен зат әкетпек болды деген күдікпен РФ екі азаматы ұсталды.

  • 12 Маусым 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

Ресейлік азаматтарды өткен сәрсенбіде "Әлімбет автомобильная" шекаралық бақылау бөлімшесінің шекаралық наряды ұстады, деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" Қазақстан ҰҚК Шекаралық қызметінің баспасөз қызметінен.

Олар Қазақстаннан Ресейге екі "КамАЗ" көлігімен құжаты жоқ 35 тонна қара металды заңсыз өткізбек болғанда ұсталған.


Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу жүргізілуде.