Ресейлік имамдар қазақ тілін үйрену үшін елімізге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік имамдар қазақ тілін үйрену үшін елімізге келді

Ресейлік имамдар қазақ тілін үйрену үшін елімізге келді

Имамдардың бірі Тәжік, қалған үшеуі Қазақ ұлтынан екен. Қазақ тілін үйренулерінің себебін сұрағанда: «Біз қызмет ететін аймақтың үштен бір бөлігі қазақтар. Оларға дін үйретудің ең тиімді жолы – олардың өз тілінде сөйлеп, ана тілі арқылы дінді түсіндіру»,- деген сөздермен мақсаттарын түсіндірді.

Шынында қазақ әдебиеті тұнған дін мен дәстүр құндылықтары. Бір ғана Абай атамыздың «Қара сөздерінің» ө

  • 14 Тамыз 2017
  • 273
Фото - Caravan.kz

Шынында қазақ әдебиеті тұнған дін мен дәстүр құндылықтары. Бір ғана Абай атамыздың «Қара сөздерінің» өзі Исламдағы сенім мәселелері мен адамгершілік құндылықтарды толық қамтыған десе қателік емес – деп хабарлайды Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Ауесханұлы дін мен дәстүр жанашыры Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан елімізге ізгі мақсатпен келген имамдарға ҚМДБ имамдарының ресми шапанын жапты.


Нұрбек қажы Ауесханұлы «Алдағы уақытта білім алуға келетін Ресейлік қандастарымызды құшақ жайып қарсы алуға дайынбыз. Діни оқу орындарында да білім алуға жол ашылады деген ойдамын»,-деп ыстық лебізін білдірді.

Соңғы жаңалықтар