Ресейлік кондитер елді шулатқан торттың 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік кондитер елді шулатқан торттың 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды

Ресейлік кондитер елді шулатқан торттың 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды

Өткен демалыста жаппай ел талқысына түскен тәтті торт жайында жаңа дерек пайда болды.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 1203
Фото - Caravan.kz

Алып торттың авторы, әйгілі ресейлік кондитер оның 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

“179 мың доллар тұрмайды, олай болуы мүмкін де емес. Ал торттың шын мәнінде қанша тұратыны құпия, оны тек мен және тапсырыс беруші адам біледі. Сол да жеткілікті”, – деді Ренат Агзамов Instagram-да тікелей эфир барысында.

Ол тәтті торттың шын мәнінде қанша тұратынын жасырып қалды.

Айта кетейік, шымкенттік олигархтың тойына арнайы тапсырыспен алдырылған торттың биіктігі 4,2 метр, ал диаметрі 3 метр, салмағы шамамен 1500 килограмм.


Естеріңізде болса, шымкенттік олигархтың тойына әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің өзі қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар