Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный уланып, жансақтау бөліміне түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный уланып, жансақтау бөліміне түсіп қалды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный уланып, жансақтау бөліміне түсіп қалды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде ұшаққа Омбыда шұғыл түрде қонуға тура келді.

  • 20 Тамыз 2020
  • 175
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының баспасөз хатшысы Кира Ярмыш мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін таңертең Навальный Мәскеуге Томскіден оралды. Ұшу кезінде оның жағдайы нашар болады. Ұшақ Омбыда шұғыл түрде қонды. Алексей уланған болуы мүмкін. Қазір жедел жәрдеммен ауруханаға бара жатырмыз", — деп жазды Ярмыш Twitter желісіндегі парақшасында.

Біз Алексейді шайға араласқан нәрседен уланды деп болжап отырмыз. Оның таңертеңнен бері ішкені осы шай ғана болды. Дәрігерлер токсиннің ыстық сұйықтық арқылы тез тарайтынын айтады", — деді Ярмыш.

Оның айтуынша, Алексей қазір жансақтау бөлімінде жатыр.