Ресейлік депутаттар хиджаб пен никаб киюге тыйым салған заңға қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.49
  • 547.88
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік депутаттар хиджаб пен никаб киюге тыйым салған заңға қарсы шықты

Ресейлік депутаттар хиджаб пен никаб киюге тыйым салған заңға қарсы шықты

Ресейдегі Владимир облысында мектепте енді хиджаб пен никаб киюге болмайды.

  • 1 Қараша
  • 53
Фото: ЖИ ұсынған

Мұндай тыйымды естіген ресейлік депутаттар Адам Делимханов пен Бисұлтан Хамзаев бұған қарсы шықты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Депутат Адам Делимхановтың айтуынша бұл конституция заңын бұзумен тең.

”Владимир облысында хиджабқа тыйым салу бұл — діни бостандыққа кепілдік беретін Конституцияны өрескел бұзу. Бұл кемсітушілікті білім беру мекемелеріндегі сыртқы келбетке деген қамқорлық деу нағыз сорақылық”, — деді ресейлік депутат.

Хиджабқа тыйым қойғандарды ресейлік депутат Бисұлтан Хамзаев “ақымақтар” деп атады.

”Владимирлік шенеуніктердің жасағаны нағыз ақымақтық. Олар нағыз ақымақтар. Бұл менің өз ойым”, — деді депутат.