«Голос республики» басылымының журналистері соттың «Республика» деген атауы бар бірқатар газеттерге тыйым салғанына қарамастан6 бүгін газетті «қағазға» басып шығарды. Сауда нүктелеріне түскен газеттің жаңа саны басқаша аталады: редакция материалдарды «Азат» газетіне жариялады», — делінген редакцияның жұма күнгі хабарламасында.
Журналистер дерегіне қарағанда, кезінде жазушы-журналист Батырхан Дәрімбет негізін қалаған «Азат» басылымы қаржы болмағандықтан біраздан бері шықпай қалған болатын.
«Бүгінде қайта тірілген «Азат» газеті Батырхан Дәрімбеттің ғана емес, «Республиканың» дәстүрлерін жалғастыруға көшті», — делінген хабарламада.