Кездесу барысында әңгімелесушілер әр түрлі ынтымақтастық саласындағы екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
«Қазақстанға менің сапарымның мақсаты осы заманғы словакиялық дипломатияның негізгі міндеттерін — сыртқы саясаттағы экономикалауды тек қана мемлекеттік органдар деңгейінде емес, сондай-ақ парламенттік дипломатияны дамыту, Словакия мен Қазақстанның кейбір өңірлерінің ынтымақтастығы үшін жағдай туғызу болып табылады», — деді Я. Кубиш.
Үкімет басшысы К. Мәсімовтың айтуынша, Қазақстан Словакия экономикасына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.
«Сіздің сапарыңыз,- деді үкімет басшысы Я. Кубишпен әңгімесінде, — сөз жоқ, қазақстандық-словакиялық екі жақты қатынастарды дамытуға тың серпін береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті