Республика үкіметі тұрғын үй саласын жаңалауға бағытталған жүйелі бағдарлама жобасын ақпан айының орта шеніне дейін жасап шығарады - ҚР бірінші вице-премьері - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі тұрғын үй саласын жаңалауға бағытталған жүйелі бағдарлама жобасын ақпан айының орта шеніне дейін жасап шығарады - ҚР бірінші вице-премьері

Республика үкіметі тұрғын үй саласын жаңалауға бағытталған жүйелі бағдарлама жобасын ақпан айының орта шеніне дейін жасап шығарады - ҚР бірінші вице-премьері

Республика үкіметі тұрғын үй саласын жаңалауға бағытталған жүйелі бағдарлама жобасын ақпан айының орта шеніне дейін жасап шығарады. Бұл туралы бүгін, 26-қаңтарда Астанада журналистер сауалына жауап берген ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 382
Фото - Caravan.kz

Г.Марченконың айтуынша, «еліміз тұрғындары жан-жақты танысып, өз пікір-ұсыныстарын білдіруі үшін» бұл бағдарламаның жобасы БАҚ-тарда жарияланады. Бағдарлама жобасы сарапқа салынғаннан кейін, «барлық пікір-ұсыныстар негізінде заңнамалық құжаттарға енгізілетін қажетті өзгерістер топтамасы мамыр айына дейін мәжіліске ұсынылады»,- деді Г.Марченко.

ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, қазір «еліміздегі тұрғын үй рыногы мен тұрғын үй қатынастарының жүйесін дамытуға» бағытталған шаралар кешенін ойластыру мәселесімен айналысатын үкіметтік жұмыс тобы құрылған. Осы орайда Г.Марченко жылжымайтын мүлік құқығын тіркеуге қатысты бірқатар мәселелер мен «күрделі жөндеуге қатысты» түйткілдердің заңдық тұрғыда күні бүгінге дейін реттелмей отырғанына өкініш білдірді. «Тұтастай алғанда жүйе ауқымындағы тұрғын, кондоминиум, қызмет көрсетуші, жергілікті бюджет, республикалық бюджет тәрізді тараптар аясында кімнің не үшін жауап беретінін заңда нақты көрсету қажет. Дәл қазір біз осы жұмыспен айналысып жатырмыз»,- деді Г.Марченко.
Оның айтуынша, жұмыс тобы аптасына бір мәрте жиналатын болады. «Біз ақпан айының орта шеніне дейін жүйелі бағдарлама жобасын жасап, басылымдарда жариялаймыз дегенге сенемін»,- деді Г.Марченко.

Соңғы жаңалықтар