Жарияланды: 460

Республикалық экологиялық балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда  IX Республикалық экологиялық балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шара Тұңғыш президент қорының бастауымен өткізілді.

 «Қазақстанның қазіргі заманғы көрінісі» деген атпен ұйымдастырылған жобаға 12-14 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Байқау еліміздің 14 облысын, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларын қамтыған. Аймақтық турлардың нәтижесінде 50 жеңімпаз іріктеліп, ақтық сынға өткен болатын. Бүгін байқау жеңімпаздары анықталып, олар оқу гранттары, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Амандос Ақанаев, суретші, қазылар алқасының мүшесі:

- Менің  ойым бойынша,  бұл  елімізге, жерімізге, халқымызға өте керекті шара. Осындай пленэрлер қажет-ақ!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін