Республикалық колледж әлемдік додаға түсетін чемпиондарды оқудан шығарып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық колледж әлемдік додаға түсетін чемпиондарды оқудан шығарып жатыр

Республикалық колледж әлемдік додаға түсетін чемпиондарды оқудан шығарып жатыр

Республикалық колледж әлемдік додаға түсетін чемпиондарды оқудан қуып жатыр.

  • 20 Қараша 2019
  • 466
Фото - Caravan.kz

Колледж студенттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа араша түсуін сұрап, видеоүндеу жолдады.

"Біз колледж студенттері! Спорт жанашырлары Нұрсұлтан Назарбаев атамыздан және президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраймыз. Колледж директоры Амалбек Тшанов бізге қысым көрсетіп, оқудан шығарайын деп жатыр. Аманбек Тшанов пен оны қолдап отырған Ақтоты Райымқұлова орнына кетсін. Біз жастар адам сияқты оқығымыз келеді. Қазақтың атын спортпен шығарғымыз келеді, сіздерден көмек сұраймыз", — деп видеоүндеу жолдады колледж студенттері.

Осы орайда қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында колледж студенттеріне араша түсті.

"Жастар жылы" әлемдік додаға түсетін чемпиондарымыз оқудан қуылды!
Елбасымыздың саясатына қарсы шығып, жастардың құқығын таптап отырған Тшановтың артында кім тұр екен?
Ислам Әбішовке ашылған қылмыстық іс Амалбек Тшановқа ашылады ма?
Алик Шпекбаевтың оған шамасы жетеді ме?
Әлде жоғарыдан тапсырма түсу керек пе?
Неге жастарымыз біздің елдегі жүйенің былығын көру керек?
Мемлекеттен бөлінген миллиондар қайда?
Неге ата-аналар өз қалтасынан төлеу керек?
Алматы қаласы Жемқорлыққа қарсы агентігі бұл мәселені бақылауға алсын!
Жемқорлыққа батқан саяси жүйеге балаларды 
арластырып, балалардың сағын сындырудың қажеті жоқ!
Болашақ ұрпақ, елімнің көк байрағын әлем додаларында биікке көтеріп жүрсін десек, мына жастарымызды қолдайық ағайын", — деп жазды Айгүл Орынбек.


 

Тшанов чемпиондарды далаға қуды! "Жастар жылы" әлемдік додаға түсетін чемпиондарымыз оқудан қуылды! Елбасымыздың саясатына қарсы шығып, жастардың құқығын таптап отырған Тшановтың артында кім тұр екен? Ислам Әбішовке ашылған қылмыстық іс Амалбек Тшановқа ашылады ма? Алик Шпекбаевтың оған шамасы жетеді ме? Әлде жоғарыдан тапсырма түсу керек пе? Неге жастарымыз біздің елдегі жүйенің былығын көру керек? Мемлекеттен бөлінген миллиондар қайда? Неге ата-аналар өз қалтасынан төлеу керек? Алматы қаласы Жемқорлыққа қарсы агентігі бұл мәселені бақылауға алсын! Жемқорлыққа батқан саяси жүйеге балаларды арластырып, балалардың сағын сындырудың қажеті жоқ! Болашақ ұрпақ, елімнің көк байрағын әлем додаларында биікке көтеріп жүрсін десек, мына жастарымызды қолдайық ағайын! Karin Erlan, Берік Уәли, Мурат Абенов, Aida Balayeva, Президентімізге жеткізіңіздер чемпиондардың үнін! Әдемі қартаю деген бар! Амалбек Тшанов ағамыз! Ер болса өз орнын айқай шусыз босатып кеткені дұрыс! Сексенге келіп, немерелерімен жасты балалардың тағдырын бұзбай!

Posted by Айгүл Орынбек on Tuesday, November 19, 2019

 

 

Соңғы жаңалықтар