Жарияланды: 50

Республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінеді

Республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінеді

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Алдағы республикалық референдумға мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл есептеулерді Орталық сайлау комиссиясы ұсынды. Біз бүгін бұл шешімді үкімет қаулысымен қабылдадық", - деді Жамаубаев Sputnik Қазақстан тілшісіне үкімет кулуарында.

Еске салсақ, республикалық референдум биыл 5 маусымда өтеді. Қазақстан Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Үгіт жұмыстары 4 маусымда сағат 00.00-де аяқталады. Референдумның алдындағы күні және референдум өткізілетін күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін