Ретро-фестивальде атақты жұлдыздармен бірге Ахметжан Есімов ән шырқамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ретро-фестивальде атақты жұлдыздармен бірге Ахметжан Есімов ән шырқамақ

Ретро-фестивальде атақты жұлдыздармен бірге Ахметжан Есімов ән шырқамақ

Көрген де арманда, көрмеген де арманда! «Алматым – іңкәрім менің» ретро-фестивалі алдағы сенбіде шымылдығын түреді. Алатау бөктеріне осымен 15-ші жыл қатарынан атақты әртістерді жинайтын музыкалық шара биыл да дүркіреген той боп өтеді. Қазір думанды кешке соңғы әзірлік жұмыстары пысықталып жатыр. Сағындырған хит әндер шырқалатын сахна орнатылып, алып экран да қойылған. Ал ертеңнен бастап Алматыға әлемге танымал жұлдыздар келе бастайды.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 471
Фото - Caravan.kz

-Небәрі 3 күннен кейін Алматының осынау ең биік кешенінде жылдың ең үздік айтулы шарасы өтеді. Алматының бүкіл жұрты дәл осында жиылып, ару қалаға деген ыстық ықыластарын білдіреді.

Ал атақты жұлдыздарды қабылдайтын алып сахна осы. Небәрі үш тәуліктен кейін мұнда Николай Басков, Михайл Боярский сияқты ресейлік жұлдыздар әбден сағындырған әндерді орындайды. Сондай-ақ, атақты «Bad Boys Blue» тобы да осында өнер көрсетеді.

Bad Boys Blue — You're a woman, I'm a man

Бұл атақты әншілер тіпті қазақ тілінде ән шырқаймыз деп отыр екен. Отандық әртістер де олардан қалыспақ емес. Мәселен, Жанар Дұғалова сахнаға жалаңаяқ шықпақ.     

Жанар Дұғалова, әнші:

-Біздің әніміз керемет лирикалық ән болайын деп тұр. Марсель екеуміз жалаңаяқ шығамыз. Жаңбыр құймаса болды енді

Әне-міне басталатын фестивальге бишілер де, тіпті, түсті асқа бармай дайындалуда. Бұл бойжеткендер Басковпен бірге сахнаға шығады екен. Әзірге әншінің өзі болмаса да, орнын жоқтатпай билеп жүр.         

Ернұр Қарықбол, биші:

-Көңіл-күйіміз өте тамаша.  Өте мағыналы, жақсы концерт. Керемет көңіл күйде концертті, сүйікті Алматымыздың концертін мықты өткізе аламыз деген ойдамыз.

Осылай деп шабыттанған әртістер сахнаға шығар сәттерін асыға күтіп жүр. Ал ретро-концерт сенбі күні кешкі сағат жетіде басталады. Онда қала әкімі Ахметжан Есімовтің өзі де ән шырқамақ. Фестивальдің басты қолдаушылары «Самұрық-Қазына» қоры мен «И-ар-Джи» компаниясы.