Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Р.Ердуан парламентте ант қабылдады. Оппозициялық Республикалық халық партиясының депутаттары рәсімге қарсы байкот жариялап, қазіргі заманғы Түркия тарихындағы 12-ші президентті ұлықтау рәсіміне қатысқан жоқ.
Р.Ердуан 10-тамыздағы сайлауда 52 пайыз дауыс жинады.