деп топшылайды ING Groep NV сарапшылары.
"Жылдам бұзылатын көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдаушылардың басына түскен жағдайға қарағанда Ресей енгізген эмбаргоның әлуетті салдары анағұрлым тереңде", деп атап өтеді ING.
Сарапшылардың бағалауынша, ресейлік эмбаргоның салдарынан ЕО елдерінде шамамен 130 мың жұмыс орны жоғалады.
Ресми деректерге қарағанда, ЕО елдері 2013 жылы Ресейге 1,26 млрд еуроның жеміс-жидегі мен 769 млн еуроның көкөнісін жеткізген.
Еурокомиссия 18 тамыз күні төтенше шаралар туралы жария етті, яғни ресейлік тыйымға орай жылдам бұзылатын көкөніс пен жеміс-жидек өсіруші жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында фермерлерге 125 млн еуро беруге уәде еткен.