Парламенттік сауалда сенаторлардың атап көрсеткеніндей, » тексеріп-өткізу бекеттерінің қазіргі ахуалы жалпыға ортақ әлімдік стандарттардың ең төменгі деңгейіне де сай келмейді. Олар РФ мемлекеттік шекарасын қорғау талаптарын мүлдем қамтамасыз ете алмайды».
Сондай-ақ, хабарламада атап көрсетілгеніндей, заңсыз мигранттар, есірткі және контрабандалық бұйымдарды Ресейге алып өтетін негізгі маршруттар дәл осы бекеттер арқылы өтеді. «Жыл сайын контрабандалық бұйымдардың 70 проценті Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараның дәл осы бөлігінде ұсталады»,- делінген хабарламада.
Мұндай жағдайға көбінесе тексеріп-өткізу бекеттерін Ресейдің мемлекеттік шекарасынан шалғай жерде, дәлірек айтсақ, 20-60 шақырымдық қашықтықта орналастыру тәжірибесі түрткі болып отыр,- делінген Федералдық кеңестің парламенттік сауалында. «Бұл заң бұзушыларға айналма жолдарды пайдаланып кедендік бекеттерге шаң қаптырып кетуге мүмкіндік беріп отыр»,- делінген хабарламада.