РФ украиналық халықтың өз қалауын еркін білдірген сайлауына құрметпен қарайтын болады - Лавров - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ украиналық халықтың өз қалауын еркін білдірген сайлауына құрметпен қарайтын болады - Лавров

РФ украиналық халықтың өз қалауын еркін білдірген сайлауына құрметпен қарайтын болады - Лавров

РФ украиналық халықтың өз қалауын еркін білдірген сайлау нәтижелеріне құрметпен қарайтын болады,

  • 26 Мамыр 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz

деп мәлімдеді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров.

"Дауыс берудің Украинаның көптеген облыстарында ұйымдастырылғандығы тұтас алғанда позитивті факті болар. Президент атап өткендей, біз украиналық халықтың өз қалауын еркін білдірген сайлау нәтижелеріне құрметпен қарайтын боламыз", деді ол дүйсенбіде Мәскеуде баспасөз мәслихатында.

"Бастысы осы жолғы билік өз азаматтарына, халқына құрметпен қараса болды, бүкіл саяси күштердің, этникалық және діни топтардың мүдделерін ескеретіндей ымырашылдық келісімдерді қамтамасыз етсе болғаны, онсыз дұрыс ештеңе бола қоймас", деген сенімде С.Лавров.