Риддерде 22 мың отбасы жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риддерде 22 мың отбасы жылусыз қалды

Риддерде 22 мың отбасы жылусыз қалды

Риддер қаласында "Риддер ЖЭО" АҚ-да апат болып, салдарынан 22 мың абонент жарықсыз қалды.

  • 7 Қараша 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

5 қарашада сағат 20:00-де "Риддер ЖЭО" АҚ-да күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, салдарынан № 1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты түрде ажыратылды.

vasha-teplica.kz

РЕКЛАМА

Инвестируй в теплицу

Доставка и сборка по Алматы и регионам. Храним вашу теплицу до установки.

|Теплицы стандарт


|Теплицы усиленные

от 121 200 ₸

Узнать больше

Салқындатқыштың температурасы жоспарланған +70 градуста +39 градусқа дейін төмендеді. Бүгінде қаланың 22 мыңнан астам абоненті үшін жылу беру төмендетілді.

7 қарашадан бастап оқушылар қашықтан оқиды, сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелер жұмысын тоқтатады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов түнде шұғыл Риддерге келген. Ол апаттық жағдайды жою жөніндегі штабты басқарады. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта күл шығару жүйесінде қозғалтқыш ауыстырылды, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ЖЭО-ға қосымша 120 тонна мазут жеткізілді, отынды жөнелту жұмыстары жүріп жатыр.

Апатты жағдайды жою үшін "Қазмырыш" ЖШС ЖЭО-ға 20-дан астам қызметкер жіберіп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қосымша жабдықтар бөлді. Сондай-ақ, Өскеменнен көмек ретінде "Востоквзрывпром" ЖШС-нің 20 қызметкері келді.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктелуін белгілеу туралы" Үкіметтің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес бұл апаттық жағдай жергілікті ауқымдағы ТЖ ретінде қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар