Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды

Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды

Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды.

  • 11 Мамыр 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Анықтау жұмыстары ТЖМ құзыретіне кірмейді, бірақ менің білуімше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол от жаққан. Толық ақпаратты ІІМ-нен сұраңыздар", — деді Уәли журналистерге.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан 
бір адам қаза тауып
, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырған болатын. Кейін полиция соталды тергеу бастағаны хабарланған еді. 

Соңғы жаңалықтар