Rixos Кендірлі курорт аумағында нысандарды салуға қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Rixos Кендірлі курорт аумағында нысандарды салуға қатысады

Rixos Кендірлі курорт аумағында нысандарды салуға қатысады

Rixos Маңғыстау облысында Кендірлі курорт аумағында құрылыс жобасының бірінші фазасын жүзеге асыруға қатысады,

  • 20 Тамыз 2014
  • 657
Фото - Caravan.kz

  деп хабарлады республиканың инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің туризм индустриясы комитеті.

Сәйкесті ынтымақтастық туралы келісімге сәрсенбіде "Самұрық-Қазына" жылжымайтын қоры" АҚ мен Rixos компаниялар тобының өкілдері қол қойды.

Жобаның бірінші кезеңін орындау кезінде Кендірліде бірқатар нысандар салынбақ: екі отель (4 және 5 жұлдызды), аквапарк және коттедждер. Бірлескен жол картасы, қаржыландыру құрылымы мен схемалары әзірленуде, делінген хабарламада.

Курорттың жобалық қуаттылығы 20 отель, 8 мың вилла және коттедж болмақ, бәрі 40 мың орынға арналған. Инвестициялардың жалпы көлемі 3,3 млрд доллардан асады. Алдын-ала бағалауларға қарағанда, 2020 жылға қарай Кендірлі жыл сайын 640 мыңнан аса турист тарта алады. Экспортқа бейімделген жоба (70% шетелдік және 30% қазақстандық турист) елде жаңа 54 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек, табыс жылына 800 млн долларға жетеді, деп болжануда.