Робот құрастыруға мұғалімдер де үйретіле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Робот құрастыруға мұғалімдер де үйретіле бастады

Робот құрастыруға мұғалімдер де үйретіле бастады

Өскеменнің мұғалімдері робот құрастыруды үйреніп жатыр. Ауылдардағы мектептерде де робототехника кабинеттері ашылған.

  • 31 Мамыр 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Өскеменде Мәскеуден келген халықаралық деңгейдегі бес тренер облыстың 272 информатика пәнінің мұғалімдеріне робототехника курсын өткізіп жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

LEGO Education Russia&CIS компаниясының жетекші менеджері Андрей Лопухин, Ресей Робототехника Ассоциациясының Президенті Максим Васильев және басқа да тренерлер өңіріміздегі мектеп ұстаздарына робототехника пәнінің білім негіздері мен жобаларды үлгілеу, робот құрастыру, бағдарламалау бағыттарын үйретуде.

«Шығыс» өңірлік орталығының басшысы Мұңлық Асанованың айтуынша, алты күн бойы өтетін курсқа өңіріміздегі толық жиынтықты мектептердің мұғалімдері қатысып отыр.

Айта кетсек, былтыр облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен өткен «Менің мектебім» жобасы аясында «Парыз» қорына демеушілердің көмегімен қомақты қаражат жиналып, соның нәтижесінде қаладағы ғана емес, ауылдардағы мектептерде де робототехника кабинеттері ашылып, қажетті жиһаздармен, құрал-жабдықтармен қамтылған еді. Алдағы қыркүйектен бастап оқушылар осы кабинеттердің игілігін көретін болады.

Оқи отырыңыз:

Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды

Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды

 

Соңғы жаңалықтар