Бастапқыда адамды Айға қондыру 2030 жылға жоспарланған болатын. Мерзімді өзгертуге Айға ұшу-қону кешенін (АҰҚК) жасау жүргізіліп отырған ПБКК-2 (перспективалы басқарылатын көлік кешені) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың айтарлықтай төмендеуі себеп болған.
««ПБКК-2» тәжірибелік-конструкторлық жұмысын қаржыландыру шамамен екі есе төмендетілген, бұл АҰҚК құрылудың кешігуі мен ұшу сынақтарының басталуын 2-3 жылға кешігуіне әкеліп соқтырады. АҰҚК ұшу сынақтары 2029-2030 жылдары басталады деп күтіліп отыр», — делінген Роскосмостың 2016-2025 жылдардағы Федералдық ғарыш бағдарламасы жобасының таныстырылымында.