Қызмет мәлімдегендей, Омск-Павлодар жолында Қазақстаннан Омскіге жеткізілмек болған 20 тонна АҚШ-тың құс еті анықталды.
АҚШ етін Ресейге өткізуге «азық-түлік» эмбаргосы шеңберінде тыйым салынған.
Осы заң бұзушылыққа байланысты Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт Қазақстан Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбековке Қазақстанның шаруашылық субъектілерін АҚШ, Еуроодақ, Канада, Австралия, Норвегияның тыйым салынған өнімдерін Ресей аумағына өткізуге жол болмайтыны туралы хабардар ету жөнінде өтініш білдірді.