Р.Отунбаева президенттік мерзімі аяқталған соң өзінің ескі пәтеріне оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Р.Отунбаева президенттік мерзімі аяқталған соң өзінің ескі пәтеріне оралады

Р.Отунбаева президенттік мерзімі аяқталған соң өзінің ескі пәтеріне оралады

Қырғызстан президенті Роза Отунбаева президенттік мерзімі аяқталған соң өзінің ескі пәтеріне қайта оралады. Ол бұл туралы бейсенбі күні Бішкектегі мемлекеттік резиденциясындағы баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп ҚырТАГ хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Менде Дзержинский-Тоқтоғұл көшелерінің қиылысында орналасқан пәтерім бар, президенттік мерзімім аяқталған соң, сонда ораламын… Зейнетке шыққан соң Дзержинкамен серунге шығып жүрермін. Егер мен зейнеткер болсам, және ол кезге дейін өмір сүрсем, сіздермен кездесіп те қалуымыз мүмкін. Менің ұлым өз отбасымен осы Бішкекте 20 шаршы метрде тұрып жатыр. Егер ол рұқсат берсе, барып көрсеңіздер болады. Ағылшынға шыққан қызымда да баспана бар, бірақ олар органдардан сол баспананы қанша уақыт сұрады десеңізші. Біз мүлдем қарапайым өмір сүреміз. Мен сөзі мен ісі алшақтардан емеспін. Мен өз өміріммен біздің басшыларымыз қандай болуы керектігін көрсетіп жүрмін», — деді Р. Отунбаева.

Сөйтіп президент Англиядан вилла стап алыпты деген қауесетті теріске шығарды. Мемлекет басшысы өзінің ресми шетелдік сапарларын қарапайым ұшақтармен жолаушы ретінде жасайтынын айта отырып, ол да жақсылықтан еместігін жеткізді.

«Кеше біз суретке түстік, көру қызық болды. Астана әуежайына президенттер алып ұшақтармен ұшып келіп жатты, олардың қасында біздің ұшақ кішкентай болып көрінді. Егер мен шашып-төгіп өмір сүрсем, және материалдық құндылықтарға ерекше мән берсем, мен де өзіме бәлкім сондайларға мүмкіндік берген болар едім. Соңғы кезде, сіздер білесіздер, біз мейлінше үнемдеуге тырысамыз. Шынымен де бюджетте ақша жетпейді. Венгрияға біз қарапайым рейспен ұшып бардық. Ол бізге чартерлік рейске қарағанда 10 есеге арзан түсті. Мен сіздерге көп нәрсені айтпаймын және көрсетпеймін ғой», — деді президент.

Соңғы жаңалықтар