Роза Әлқожа имиджін өзгертіп, өзін-өзі жақсы көре бастағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роза Әлқожа имиджін өзгертіп, өзін-өзі жақсы көре бастағанын айтты

Роза Әлқожа имиджін өзгертіп, өзін-өзі жақсы көре бастағанын айтты

Роза Әлқожаға сыртқы келбетіне, имиджіне қатысты сын жиі айтылады. Әсіресе, артық салмағын сөз етіп, бетіне басатындар өнер иесін мезі еткен.

  • 30 Қазан 2018
  • 160
Фото - Caravan.kz

Әдетте әнші жағымсыз сөз иелеріне мән бермеуге тырысады. Тек бұл жолы Роза көпшілікке сөзбен емес, іспен жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші сыртқы келбетін түбегейлі өзгертіп, тыңдармандарының алдына жаңа образбен шықты.

“Қазір неше түрлі пікірлер есітеміз. “Арықта, стиліңді өзгерт. Шашыңды қима. Орамалыңды тастама” дегендей сөздер ғой баяғы. Стиліңді өзгертсең тағы ұнамайды! Шыны керек маған деннің саулығы, бастың амандығы қымбат. Балапандарымды жеткізіп, үйлендіріп, ұзатсам сол бақытым.Әсіресе, енді ғана төртке толатын Ясикошымды ойлаймын.

Сондықтан, тірлік кешіп, еңбек етейік. Біреудің шаруасын, шаттығын, мұңын ойламай, өз басымыздың бақытын тілейік! Ұл-қызымыз үмітімізді ақтасын! Қалғаны – өтпелі өмір, уақытша қызық. Өнер – мәңгі!” – деп пікір білдірді Розаның өзі жаңа имиджіне қатысты.

Желі қолданушылары Розаға жаңа имиджінің жараса кеткенін, әншінің жасара түскенін айтқан. Ал әнші өзін-өзі енді жақсы көре бастағанын мойындап отыр.

“Өмірді мұндай тәтті деп кім ойлаған?! Мен бұрын өлгім келеді деп айта беретінмін. Ата-ана, бауыр, сүйгенім, балаларым үшін жаным құрбан деп сөйлей беруші ем. Сөйтсем солар үшін де өмір сүру қажет екен-ау?! Өзіме өзім дос болып, өзімді өзім жақсы көретін жасқа енді жеткенде дүниенің қызыл-жасылы бітпесе екен”, – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар