Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Коучтың талап етуі неден басталды?
Әнші Әділет Жауғашар осыдан 1 ай бұрын «Сүй иә» атты ән шығарған. Әнде «Сұлудың жоқ деген иә» деген сөз әйгілі коуч Роза Әшірбаеваға ұнамай қалған. Сондықтан да ол осы әнге шектеу қоюды талап етті.
«Өркениетті қоғамның құндылықтарына жат үндеу»
Роза Әшірбаева Instagram-дағы парақшасында осы жайлы жазба жариялап, бұл «өркениетті қоғамның құндылықтарына жат үндеу» екенін жазды.
«Өнер немессе шығармашылық еркіндігі деген пердені жамылып, қыздың «жоқ» деген нақты позициясын «иә» деп түсіндіру — өркениетті қоғамның құндылықтарына жат үндеу.
Осы орайда заңды сұрақ туындайды:
Неге Рамазан Амантай мұндай мәтін жазады?
Неге Әділет Жауғашар қылмыстық сипаттағы әрекетті әнге айналдырып, бейнебаян түсіреді?», — деп жазды коуч.
Сондай-ақ, Роза Әшірбаева бұл әнге шектеу қоюды талап етті.
«ҚР Премеьр-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі, құрметті Аида Ғалымқызы, Әділет Жауғашардың осы әнінің жастар арасында одан әрі таралуына шектеу қойып, стримингтік платформалар мен ротациядағы музыкалық контентте зорлық-зомбылықты нормализациялауға жол бермейтін тиімді этикалық регламенттер мен модерация тетіктерін енгізуіңізді сұраймын», — деп жазды ол.