Роза Рымбаеваның автокөлігінен белгісіз біреулер $10 мың, 2 ұялы телефон мен бірнеше банк карточкасын ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роза Рымбаеваның автокөлігінен белгісіз біреулер $10 мың, 2 ұялы телефон мен бірнеше банк карточкасын ұрлап кетті

Роза Рымбаеваның автокөлігінен белгісіз біреулер $10 мың, 2 ұялы телефон мен бірнеше банк карточкасын ұрлап кетті

Сенбі күні Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаеваның ToyotaLandCruiser200 автокөлігінен белгісіз біреулер $10 мың, 2 ұялы телефон мен бірнеше банк карточкасын ұрлап кетті, деп құқық қорғау органындағы дереккөз агенттікке хабарлады.

  • 1 Тамыз 2011
  • 1149
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, ұрлық сенбі күні 22:00 және 23:30 сағаттар аралығында әнші Темирязев көшесіндегі «Рубин» мейрамханасында концерт беріп жатқанда орын алған.

Анықталмаған деректер бойынша, ұрылар оң жақ терезесін сындырып, ұрлыққа кіріскен, ал әншінің жүргізушісі сол кезде ресторанда отырған.

Дереккөздің айтуынша, әншінің артқы орындықта тастап кеткен сөмкесіндегі ақша мен құнды заттардан басқа, жеке куәлігі де ұрланыпты.

Келген шығынның жалпы сомасы Т1,5 млн деп көрсетіліпті.

Полициядағылар Р. Рымбаеваның көлігі тоналғанын растай отырып, оны ашуға арнайы құрылған тергеу тобы кіріскенін айтты.

Аталған факті бойынша Бостандық АІІБ ҚР ҚК 175 бабы 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар