Рудный қаласындағы ірі тігін кәсіпорнында көп уақыт жұмыс істеген жандар маңдай тер ақыларын сұрар басшыларын да таппай әлек. Ал кәсіпорын болса өткен жылдың соңында жабылып қалған.
Осылайша көк тиынсыз қалған 100-ге жуық адам басшыларының жолын тосумен жүреді. Өзгенің емес өз ақшаларын төлемей қашқан бұрынғы басшы жұртпен жүздеспепті де. Ал тігін кәсіпорнының жұмысшылар алдындағы жалпы қарызы 1 миллион теңгеге жуық. Қарашаның пайдасына сот шешімі де шыққан. Бірақ оны елеп жатқан қашқын ешкім жоқ. Кәсіпорынға директор боп келіп жарты жылда жұмысты тоқыратқан бұрынғы басшы қазір басқа бизнеспен айналысып кеткен көрінеді.
Николай Греков, Рудный қаласының тұрғыны:
-Ол бізге көк тиын да төлемеді. Мазалай бермеңдер, ақша жоқ деді. Сотқа да бардық, соттың шешімі біздің пайдамызға шықты. Бірақ әрекет жоқ. Полиция алып кетіп қамап тастасын деп сұраймыз, сол кезде бетпе-бет сөйлесерміз.