Румыния премьер-министрі түнгі клуб өртенгені үшін отставкаға кетті
![]() |
Румыния премьер-министрі Виктор Понта отсавкаға кетті, деп хабарлады Социал-демократиялық партияны басқаратын өкіл Ливиу Драгнеа. |
Бухарестегі Colectiv клубында шыққан өрт саясаткердің жұмыстан кетуіне себеп болды, онда 32 адам тілсіз жаудың құрбанына айналып, 200-дей адам ауыр жарақаттар мен түрлі дәрежедегі күйіктер алған.
Осы оқиғадан кейін елде жаппай наразылық акциялары өтіп, қатысушылар премьер-министр мен ішкі істер министрі Набриела Опридің отставкаға кетуін талап еткен. Оларды жемқорлармен сыбайластығы үшін және осы әрекеттері 31 қазанда түнде орын алған қайғылы жағдайға әкелген деп айыптауда, деп жазады Утро.ру.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін