Жарияланды: 270

Румыниядағы түнгі клубта шыққан өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті

Румыниядағы түнгі клубта шыққан өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті

Румынияда таңертең  Бухаресттің түнгі клубындағы өрт салдарынан жапа шеккендердің тағы екеуі ажал құшты.

Осылайша тілсіз жау салдарынан мерт болғандардың саны 43 адамға жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, қазір ауруханада 103 зардап шегуші жатыр. 44 адамның жағдайы тым ауыр. Румыниялық ақ халаттылар шетелдік әріптестерінен көмек сұрады. Жапа шеккендердің біразын Голландия мен Австрия клиникаларына жеткізді, деп хабарлады ТАСС.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін