Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болды

Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

  • 14 Мамыр 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкіміммен Рустам Маратұлы Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Рустам Исатаев 1986 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Ұлыбританияның Дарэм университетінде "Экономика", 2021 жылы АҚШ-тың Гарвард университетінде "Мемлекеттік басқару магистрі" мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі макроэкономикалық талдау және жоспарлау департаментінің бас сарапшысы болып бастаған.


"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Eurasia Group Kazakhstan ЖШС вице-президенті қызметтерін атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында болды.

Соңғы жаңалықтар