Рүстем Жаныаманов: "Келінжан 2" сериалына түсуге 2 миллион сұрадым (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рүстем Жаныаманов: "Келінжан 2" сериалына түсуге 2 миллион сұрадым (ВИДЕО)

Рүстем Жаныаманов: "Келінжан 2" сериалына түсуге 2 миллион сұрадым (ВИДЕО)

Белгілі актер Рүстем Жаныаманов журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында  "Келінжан 2" сериалына түсуге 2 миллион теңге сұрағанын айтты.

  • 3 Сәуiр 2020
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Әңгіменің ашығы өзіңді бағалағың келеді екен. Еңбегіңді бағалағың келеді екен. Бұл жолы мен сәл көтермелеп, 2 миллион теңге деп айттым. Гүлнұр Мамасарипова барынша түсір деді. Әлі келісім шарт жасалған жоқ, Гүлнұр апайымыз ара-қатынасымыз бұрынғыдай жақсы, мен солай ойлаймын. Бірақ еңбек бағаланса екен деймін. Қит етсе жұлдыз болып кеттің бе деген сөз кей кезде ашуыма тиеді. Өйткені мен ондай адам емеспін, мен нағыз еңбектің адамымын. Осы уақытқа дейін еңбекпен келе жатырмын. Мен фильмнен болсын, сериалдан болсын жарқ етіп жер баса алмай қалатын кездерім болған емес, болмайды да. Мен егерде Гүлнұр апайды ренжітіп алсам, ол кісіден кешірім сұраймын. Өйткені мен ол кісімен бір дастарханда отырып, тамақ та іштім, бір площадкада қызмет еттік", — деді актер.

Естеріңізге сала кетейік, Рүстем Жаныаманов "Келіншек" телехикаясында басты рөлдерді сомдайтын актерлердің бірі.


 

Соңғы жаңалықтар