Алдымен бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукенов, облыс әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров, қаржы басқармасының бастығы Бауыржан Жантеміров, қала әкімі Асқар Керімовтерден жауап алынды.
Қазіргі кезде сот отырысында мемлекеттік нысандарды, соның ішінде өңір үшін стратегиялық маңызы бар нысандарды заңсыз жекешелендіру фактілері қаралуда. Сотталушылардың барлығы дерлік қаржы полициясы тергеу барысында дәлелдеген облыстың бұрынғы басшылығымен ауыз жаласқан компаниялардың нысандарды заңсыз жекешелендіру фактілерін мойындады.
Нысандарды арзан бағаға жекешелендіру туралы қабылданған шешімдердегі өздерінің рөлдерін төмендету үшін сотталушылар мұны облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев сатудың нақты сомасын жеке өзі белгілеп, тендер жеңімпазын да өзі нұсқап отыруымен түсіндіреді.
Еске сала кетейік, әдетте Владимир Пак пен Айбат Сүлейменовтер басқарған «УС-99» және «СнабОйл» компаниялары тендер жеңімпаздары атанып отырған. Владимир Пак сотта айыпталушы ретінде де, куәгер ретінде де көрінген жоқ. Ресми емес ақпарат бойынша, ол тергеумен мәмілеге келген. Айбат Сүлейменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды.