"Рыжий Алмасқа" сенде осы жерде проблема болады дедім – Болат Әбілов рэкеттермен болған текетірес жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Рыжий Алмасқа" сенде осы жерде проблема болады дедім – Болат Әбілов рэкеттермен болған текетірес  жайлы

"Рыжий Алмасқа" сенде осы жерде проблема болады дедім – Болат Әбілов рэкеттермен болған текетірес жайлы

Танымал кәсіпкерлердің бірі Болат Әбілов 90 жылдары қылмыстық топ өкілдерімен қалай текетірескенін  айтып берді.

  • 7 Қыркүйек 2021
  • 3789
Фото - Caravan.kz

Әбілов ол кезде қылмыс әлемі серкелерінің кәсіпкерлерден жиі ақша бопсалап тұрғанын, бірақ жеке өз басы ешкімге ештеңе бермегенін  айтады. Бірақ талайымен бетпе-бет келіпті. Мысалы "Рыжий Алмас" лақап атымен таныс Несіпбай Нәсеновпен болған текетірес туралы былай деп еске алды. Бұл туралы ол Арманжан Байтасовпен болған сұхбатта айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

– "Поле чудес"-ке жарнама бергеннен кейін бізбен жұмыс істегісі келетіндер күрт көбейді. Ресейдегі қылмыс әлемінің тұлғалары "бұл кім соншама" деген сыңай танытқан болса керек. Бір күні таңертең "Рыжий Алмас" келді.  Мәскеудегі қылмыс әлемінің беделділері сұрап жатқанын, ақша төлемесем, ондағы филиалымызда проблема болатынын айтты. Мен Алмасқа "егер Мәскеуде бізде проблема болса, сенде осы жерде проблема болады, оған  еш күмәнданба" дедім. Сол күні кешке үйге келсем, есік алдында екі ірі денелі бандит мені күтіп тұр екен. Көліктен түсе сала "қайырлы кеш, қалдарың қалай" деп  қолдарын алып, амандасып өте шықтым. Олар мұны күтпей қалды. Подъезд есігін ашсам, тағы екеуі тұр. Бізде үнемі жарық өшпейтін. Қарасам ол күні өшіп қалған. Олардың мені соққыға жығу үшін тұрғаны анық еді. Бірақ аналармен амандасып кіргенімді көріп не істерлерін білмей абдырап қалды. Үйге кіріп терезеден қарасам, айналсоқтап біраз жүрді де кетіп қалды. Келесі күні маған қастандық жасалғалы жатқаны туралы органға арыз жаздым". Қылмыскерлерді қылмыс үстінде ұстаудың жоспарын құрдық.  Кешке милиция үй жақта тұзақ құрып мені тосты. Үй жаққа келсем, мені күткендегідей үш жігіт тосып тұр екен. Жақындағаным сол еді милиционерлер жүгіріп келді. Бірақ олардың құрған тұзағы сәтсіз болып, бандиттер қашып кетті, – деді кәсіпкер  Болат Әбілов.  

Болат Әбілов мұның алдында да Рыжий Алмастың бірншеме мәрте бетін қайтарғаннын айтты.


Соңғы жаңалықтар