Кездесу барысында С.Ахметов еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар, одан арғы экономикалық өсімді қамтамасыз етудің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.