Саакашвили Грузия үкіметіне бюджет ақшасына алынған костюмдер мен пальтоны қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саакашвили Грузия үкіметіне бюджет ақшасына алынған костюмдер мен пальтоны қайтарды

Саакашвили Грузия үкіметіне бюджет ақшасына алынған костюмдер мен пальтоны қайтарды

Грузия үкіметінің әкімшілігі экс-президент Михаил Саакашвили гардеробының бір бөлігін алды.

  • 19 Тамыз 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

Экс-президент М.Саакашвили кітапханасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сәлемдеменің ішінде оның бюджет ақшасына алған костюмдері мен пальто болған.

Бірнеше күн бұрын Грузияның Бас прокуратурасы М.Саакашвилиді бюджет ақшасына өзіне сегіз костюм мен кашемир пальто алды, деп айыптаған болатын.

Оған қоса М.Саакашвилидің экс-премьер Бидзин Иванишвилидің атына жазған хаты бар, онда "киімді өз қалауларың бойынша пайдалануларыңа болады", делінген.