Жарияланды: 50

"Сәбидің көз жасындай тазамын": Руслан Жанпейісов ішкі істер министрлігімен соттаспақ

 "Сәбидің көз жасындай тазамын": Руслан Жанпейісов ішкі істер министрлігімен соттаспақ

Қазақстандық танымал блогер, қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов ішкі істер министрлігімен соттаспақ.

Ол бүгін Шымкентте өткен баспасөз конференциясында ведомствоға қарсы қуыным беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Таяуда тұтқындалып, артынша уақытша ұстау изоляторынан босатылған блогер полицейлердің заң бұзғанын айтып отыр. Оның сөзінше, полиция өзінің бұған дейін сотталуына қатысты мәліметтерді жариялаған. Мен сотты болатындай айтарлықтай ештеңе істеген жоқпын, дейді ол.

«Олар мен үшін жабық саналатын мәселелерді ашып берді. 2018 жылы 23 тамызда өзімнің сотты болуымды өтегенмін. Қазіргі уақытта сіздердің алдыларыңызда сәбидің көз жасындай тазамын... Біз ішкі істер министрлігіне қарсы қуыным береміз және ІІМ баспасөз қызметінің қажеттілігі мәселесін көтеремін», - дейді Жанпейісов. 

Сонымен қатар қоғам белсендісі полиция ғимаратында болған кезінде орган қызметкерлерінің ұялы телефон ұстағанын көргенін айтты. 

«Ішкі істер министрінің ресми бұйрығы бар, оны ішінара өзім де қолдаймын. Тергеу құпиясы деген түсінік бар. Тергеу соңына дейін көп материал тарауы мүмкін», - дейді блогер.

 

Бұған дейін хабарланғандай, Жанпейісов 26 қыркүйекте ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Артынша ішкі істер министрлігіндегілер блогердің тұтқындалуының мән-жайын айтты.

Мұнан кейін блогер уақытша ұстау изоляторынан босатылды.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін