"Сәбиімнен айырылып қалдым": Педагог жұмысындағы жүктеменің көптігінен құрсағындағы сәбиден айырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сәбиімнен айырылып қалдым": Педагог жұмысындағы жүктеменің көптігінен құрсағындағы сәбиден айырылған

"Сәбиімнен айырылып қалдым": Педагог жұмысындағы жүктеменің көптігінен құрсағындағы сәбиден айырылған

Айнұр Бораншина есімді педагог-психолог жұмыс режимінің сақталмауы мен жүктеменің шектен тыс көптігінің әсерінен баласынан айырылып қалған.

  • 9 Тамыз 2023
  • 161
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіне жазды, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы.

"Мен мемлекеттік қызметкермін! 

Өз жұмысына 100% берілген мемлекеттік қызметкермін!

Менің мемлекетім жүзеге асырылмайтын заңдарды неге шығаратынын білгім келеді. 

Қызметкерлерге сағат 18:30-дан кейін жұмыс жасатуға тыйым салынады деп әлеуметтік желілер жар салды, заң қабылданды. Алайда вацап желісінде тапсырма түсуі тоқтамайды, 18:30-ың не, түнгі сағат 23-терде де тапсырма түсіреді де жатады басшылар.

Жұма күні ЖМББҚ жазғы лагерьге баратын балалардың мәліметін жинап түнгі сағат 02:00-ге дейін жұмыста отырдық.

Облыстық білім басқармасынан арнайы үлгі не шаблон берілмеді. Әріптесімізбен түс ауғанша 1469 баланың мәліметін жинап өткіздік аудан бойынша. Түнгі 02:00-ге дейін жұмыс жасатты. Не бізге маза жоқ, не мектеп қызметкерлерінде маза болмады.", — дейді ол. 

Педагогтың айтуынша, шамадан тыс тапсырманың әсерінен ауруханадан бір-ақ шыққан. 

"Ертеңгі күні ауырып ауруханаға түстім. Утомление+стресс. Құрсағымдағы сәбиге әсер еткен. Жүрегі тоқтап қалды. Айырылып қалдым сәбиімнен. Мен жұмыс режимін көрмеген мемлекеттік қызметкермін! Мен сенбі, жексенбі демалысын білмейтін мемлекеттік қызметкермін! Неге біздің елде заңнамада көрсетілген жұмыс уақытының регламенті сқталмайды? Қазір операцияға кіргізеді құрсағымдағы өлген сәбиімді кесіп алады. 


Әр қызметкердің жұмыс уақыты регламенті сақталсын, нагрузкасы қайта қарастырылсын, жетпейтін штаттардың орны толтырылсын, бізге бөлініп беріліп отыр олардың жұмысы, қызметкерлерге құлдықтағы жан емес, қызмет көрсетуші ретінде сыйлы қарым-қатынас жасалуын, жұмыс уақыты аяқталған соң жұмыс жүктелмеуін талап етемін!!! Бізді қанағандарыңызды тоқтатыңыздар, басшылар!!!

Отпусксіз, сенбі-жексенбісіз, күндіз-түні жұмыс жасаудамыз, физиологиялық та, психологиялық та тұрғыда қажыдық! Ағзамыз әлсіреді! Баламыз өлді", — деп жазды сәбиінен айрылған мемлекеттік қызметкер.

 
Соңғы жаңалықтар